«Жер сілкінісі болған жағдайдағы іс-әрекеттер» бойынша эвакуациялық оқу-жаттығу жұмыстары ұйымдастырылды.

Дата: 2024-02-26 15:00:03
«Жер сілкінісі болған жағдайдағы іс-әрекеттер» бойынша эвакуациялық оқу-жаттығу жұмыстары ұйымдастырылды.
2024 жылдың 23 ақпанында сағат 10.00- де «Абай атындағы №2 мектеп-лицейі» КММ-де «Жер сілкінісі болған жағдайдағы іс-әрекеттер» бойынша эвакуациялық оқу-жаттығу жұмыстары ұйымдастырылды. Мақсаты: оқушыларға және мектеп қызметкерлеріне жер сілкінісі болған кезіндегі іс-әрекеттер алгоритмін жаттықтыру, қауіпсіз орынға шығару.
Оқу-жаттығу барысында мектептен 251 оқушы, 25 кіші қызметкер, 46 мұғалім қауіпсіз орынға шығарылды. Алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінің оқытушы-ұйымдастырушысы Р.Н. Мұхтар Балқаш қалалық төтенше жағдайлар бөлімінің өкіліне эвакуацияның сәтті өткені жайлы рапорт берді. 
Зілзала кезінде не істеу керек?
Ғимараттың шайқалғанын сезгенде, шамдардың теңселгенін, заттардың құлағанын көргенде, сынып жатқан әйнектің дауысын естігенде, үрейленбеңіз.
Егер үйіңіз бірінші қабатта, далаға шығар есіктің жанында болса, онда құжат пен ақшаны, қажет заттарды алып, ғимараттан тез шығыңыз.
Далаға шыққаннан кейін ғимараттан алыс және ашық жерге барып тұрыңыз, тар көшелерде жүрмеңіз.
Үзілген сымдардан сақтаныңыз.
Сабыр сақтап, басқаларды да тыныштандыруға тырысыңыз.