"ХХІ ғасыр мұғалімі кәсіби құзыреттілігі" Функционалды сауатты мұғалім" тақырыбындағы педагогикалық квест ойыны өтті.

Дата: 2024-02-14 17:56:43
Абай атындағы №2 мектеп - лицейде 11 ақпан күні педагогтармен "ХХІ ғасыр мұғалімі кәсіби құзыреттілігі" , Функционалды сауатты мұғалім" тақырыбындағы педагогикалық квест ойыны өтті.Бұл кезекті әдістемелік кеңестің замануи формасы.
Лицей мұғалімдері "Жасырын сөз" арқылы топқа бөлініп,әр топ белігенленген бекеттер бойынша мапшрурттық карта арқылы жүре отырып,әр бекеттегі тапсырмаларды орындады.
"Сабақтан аяқталған....соң"
"Құпия сандықша"
"Әр түрлі сабақтар бірақ әрқайсысында шебердің қолы......"
"Ата -анамен әңгімелесу"
"Ән көңілдің ажары"
"Шынықсаң шымыр боларсың" атауларындағы бекеттерде педагогтың кәсіби құзыреттілігіне бағытталған түрлі тапсырмалар қойылды.Әр бекетке бағалаушы,көшбасшылар тағайындалды.Топтардың жұмысын  тәжірибелі, педагог зерттеуші санатындағы мұғалімдер бағалап,бағыт бағдар беріп, бағалап отырды.
Педагогикалық квест ойынына "Білім" "Инновация" "Бағалау" " Педагогика" " Құндылық" "Технология" топтары қатысты.
Креативті идеялары мен,табысты білімдерімен, өмірдің кез келген тосын   жағдаяттарынан тапқырлық пен шыға білген " Инновация " тобы  "Функционалды сауатты команда"болып 1 орынды иеленді.
2 орын "Білім" 
3 орын "Педагогика" топтары марапатталды.
Сонымен бірге шығармашылық жұмыстарда ұжыммен жұмыс жасау шеберліктеріне қарай "Бірлігі ерекше команда"
"Шығармашыл команда" номинациялары берілді.
Педагогикалық квест ойынын директордың ОІЖО Ш.Т.Жаксыгелдина ұйымдастырып,жүргізді.