Біртұтас тәрбие бағдарламасындағы» сынып сағаттары

Дата: 2024-02-14 10:22:54
Біртұтас тәрбие бағдарламасындағы» сынып сағаттары
«Абай атындағы №2 мектеп-лицейі» КММ-ні «Біртұтас тәрбие бағдарламасындағы» сынып сағаттарының жүргізілу барысы әр дүйсенбінің дәстүрлі 1 сабағы. 
Әр дүйсенбідегі саптық жиыны «Ұлттық мүддені» насихаттау мақсатында Қазақстан Республикасының әнұранымен басталады. Белсенді үгіт насихат тобы мен мектеп парламентінің үндеуі ар-ұят пен талапқа бағытталған.
7 сынып оқушылары сынып сағатында «Балалардың ақпараттық қауіпсіздігі және цифрлық сауаттылығын қамтамасыз ету. Кибербуллинг ескертпелері» тақырыбында, 8 сынып оқушылары «Мен және Заң» тақырыбында мен өз құқықығым мен міндеттерімді мектепте қалай жүзеге асырып жатырмын деген ойларын жүзеге асырса, 9,10,11  сынып оқушылары «Медиа және ақпараттық сауаттылық» тақырыбында ой қозғау, өз интернет әлемінде болған кибербуллингке қарай төтеп берген іс-әрекеттерімен бөлісіп, «Баланың көңілі» қысқа метражды фильм көрсетілді. 
 
#біртұтас_тәрбие