3 сыныптар арасында «1001 мақал, 101 жұмбақ» сайысы өтті.
Дата: 2024-02-08 15:17:46
«Әке жолы-ізгі жол» әкелер айлығының жоспары аясында 02.06 күні 3 сыныптар арасында «1001 мақал, 101 жұмбақ» сайысы өтті. Сайыстың мақсаты: жас ұрпақты мақал-мәтелдердің мәнін түсінуге жетелеп, жұмбақтар шешу арқылы ой шапшаңдығын арттыру еді. Сайыс үш кезеңнен тұрды. Сайысымыздың бірінші кезеңінде мақал-мәтелдің жалғасын тауып айтса, екінші кезеңде жұмбақтар шешті.Үшінші кезеңіміз жұмбақты өлеңдердің ұйқасын табу болып табылды. Осы үш кезеңнен мүдірмей өтіп, алғырлықтарын таныта білген 3 «Б» сынып оқушылар бірнші орынға ие болды. Ал екінші орынды ұпайларымен тең түскен 3 «А», «Ә» оқушылары иеленді.