3 сыныптар арасында "Ертегілер еліне саяхат" шығармашылық жарысын өткізді.
Дата: 2024-02-06 23:40:10
"ЦИФРЛЫҚ ӘЛЕМ" ақпараттық және компьютерлік сауаттылықты дамыту апталығы аясында информатика пәні мұғалімдері А.Қ.Аманжол, Қ.М.Оразалы 3 сыныптар арасында "Ертегілер еліне саяхат" шығармашылық жарысын өткізді. Жарыстың мақсаты: оқушылардың блок-схемелар арқылы алгоритмдерді жазу дағдыларын қалыптастыру. Жарыс 3 кезең бойынша өтті.
1-кезең: «Кейіпкерді боя». Бұл кезеңде оқушылар топтасып, компьютерде онлайн платформада берілген суретті жылдамдықпен бояды.
2 кезең: «Алгоритм». . «Мақта қыз бен мысық» және «Бауырсақ» ертегілер кейіпкерлерінің іс-әрекеттерін рет ретімен орналастырып, блок-схемаға түсірді.
3-кезең: «Бағдарламалау». Скрейч программалау ортасында кейіпкерлерге берілген скрипттерді ретімен орналастыра отырып, бағдарлама құрастырды.
Нәтижесінде:
1 орын: 3 «Ә» сынып; 2 орын: 3 «А» сынып; 3 орын: 3 «Б» сынып; 3 орын: 3 «В» сыныптары мадақтамамен марапатталды.
Оқушылар жарысқа қызығып қатысып, тапсырмаларды белсенділікпен орындады.