“Ұшқыр ой” зияткерлік сайысы өтті.

Дата: 2024-02-07 00:29:56
“Ұшқыр ой” зияткерлік сайысы өтті.
2-ақпан күні “Математика - ғылымдар патшасы” атты бастауыш сынып бойынша математикалық сауаттылық апталығы аясында Стамбекова Ш.Д және Қазбаева М.К. ұйымдастыруымен мұғалімдер арасында “Ұшқыр ой” зияткерлік сайысы өтті. 4 кезеңнен тұратын сайысқа әр пән бірлестігінен 5 топ қатысты. Сайыс барысында қатысушылар математика әлеміне саяхат жасап, логикалық тапсырмалар, математикалық есептеулер орындап, қазақтың байырғы өлшемдерін, сандарға байланысты мақал-мәтелдерді кеңінен қолданды.
 Сайыс нәтижесінде “Тапқырлар” тобы 1-орын, “Әмбебап” тобы 2-орын, “Бульеан” тобы 3-орынмен марапатталды. “Масштаб” және “Өнер” топтары алғыс хатқа ие болды.