"Тәжірибемен бөлісейік" жас мамандарға арналған ашық сабақтар айлығы

Дата: 2024-02-04 23:20:01
Балқаш қалалық білім бөлімі, әдіскерлік кабинетінің жоспарына сәйкес "Тәжірибемен бөлісейік" жас мамандарға арналған ашық сабақтар айлығында Абай атындағы №2 мектеп лицейдің математика  пәні мұғалімі, білікті ұстаз, педагог- зерттеуші Б.Б.Иманбекова 10  А сыныбында тәжірибе көрсету, ашық сабағын өткізді.
Сабақ математика ғылымы туралы ұлы ғалымдардың афоризмдерімен ашылды. Әр топ теңдеу дің бүтін түбірлерін бірнеше әдіспен шешіп,анықтап,постерге түсіріп,анализ жасап өтті. Оқушылар ҰБТ және олимпиадада кездесетін есептерді де шығарды.
 Сабақтың ұлттық құндылықтар және кәсіби бағдар беру  бағыттары барынша ашылып,байланыс жүргізілді. Жас математика пәні мамандары тәжірибелі педагог сабағынан мол әдістемелік білім алды.
Тәжірибе алмасу сабағына қалалық математика мұғалімдерінің әдістемелік жетекшісі және ,қала мектептерінің жас мамандары,лицей мұғалім дері қатысты.