Ата-аналарды педагогикалық қолдау
Дата: 2024-02-04 22:14:01
31 қаңтарда "Абай атындағы №2 мектеп-лицейі" КММ-нде «Ата-аналарды педагогикалық қолдау» аясында 8 сынып оқушыларының аналарымен кезекті кездесу өтті.
Тақырыбы: "Қыз тәрбиесі – ұлт санасының өлшемі". Спикерлері: Умбетова Т.Е., Еркиновна Ж.Е., Балтабай А.С.
Отбасы құндылықтарын насихаттау барысында, қоғамда ананың ролі зор. Отбасындағы қыз баланың айнасы анасы болғандықтан, әр ана өз қызының ішкі дүниесін түсіну үшін қандай іс-әрекеттер жасайды және ана мен қыздың арасындағы достық қатынас кандай болады деген сұрақтарға келген аналардан жауап алудан басталды. Балтабай А.С. қазіргі қыз баланың тәрбиесіне қоғамның дамуы қандай өзгерістер әкелді, қыз бала бойына қажет құндылықтарды саралай келе, ұлттық құндылықтан ажырамаған заманауи қыз бала тәрбиелеудегі тренингі ұсынды.
«Шабадандағы хат». Умбетова Т.Е. мен Еркинова Ж.Е. өз сынып оқушылары жазған «Анаға хат» хаттарына талдау жасай келе, әр қыз баланың ішкі «жан айғайын» аналарына жеткізіп, қорытынды ұсыныстарын жеткізді: қыз баланы құшақтап, сырласып, кеңес сұрап, бірлесе жұмыс жоспарлап, дос болу.
«Тордағы жағдаят» тренингі арқылы тоқыма жіптің көмегімен тор жасалғанға дейін аналар бір-біріне лақтырып, қыз балаға қажетті құнды қасиеттерді атап, өз ой тілектерін жеткізді.