2 сыныптарда "Тез есепте" байқауы өтті.

Дата: 2024-02-04 23:07:51
2 сыныптарда

Математика -ғылымдардың патшасы математикалық сауаттылық апталығы аясында қаңтардың 30 жұлдызында 2 сыныптарда Казакбаева Айнур Толеугалиевна "Тез есепте"байқауын өткізді.Байқау "Тез есепте","1 минуттық есептеу","Айырмашылығын тап","Зейін сал","Шифлер" атты бес кезеңді қамтыды.Оқушылар әр кезеңде жүйрік танылып, математикалық білімдерін сынады.Байқау нәтижесінде 37 ұпаймен 1 орынды 2Б сыныбы иеленсе,34 ұпаймен 2 орынды 2А мен 2В сыныбы қанжығасына байлады.29 ұпаймен 3 орын 2Ә сыныбының үлесіне тиді.