"Медицинаға қадам" жобасы аясында медициналық сыныппен "Денсаулық-зор байлық" тақырыбында квест ойыны өткізілді.

Дата: 2024-02-02 10:25:31

30 қаңтар күні "Медицинаға қадам" жобасы аясында медициналық сыныппен "Денсаулық-зор байлық" тақырыбында квест ойыны өткізілді. Ойын барысында жасырылған асыл тастардағы тапсырмаларды орындай отыра, бірнеше кезеңнен өтіп, ұпай саны жоғары топ байлыққа қол жеткізіп, зор байлық - денсаулық екенін анықтады. Асыл тастарда жасырылған адам анатомиясына негізделген тест, адам есінен танып қалғанда, мұрын қанағанда, артериялық қан кету кезінде алғашқы көмек көрсету және қан қысымын өлшейтін құрылғы- тонометр, қандағы оттегін есептейтін және қандағы оттегінің қанықтылығын және импульсті көрсететін құрылғы-пульсоксиметр және хирургиялық құралдарды анықтауға арналған тапсырмаларын орындады. Іс-шараны ұйымдастырушы биология пәні мұғалімі Р.Н.Наскенова.