"Медицинаға қадам " жобасы
Дата: 2024-02-02 09:24:11
Сарань қаласындағы №1 мектеп -лицейдің облыстық "Медицинаға қадам " жобасы аясында жасап жатқан акция жоспарына сай Абай атындағы №2 мектеп-лицейінде 6-8 сыныптар арасында " Дұрыс тамақтану-денсаулық кепілі" тақырыбында мектептегі "Сенім" өзін өзі басқару, парламент оқушыларымен бірге дәрігер мамандармен кездесу өтті.Кездесуге қаламыздағы медициналық колледжден Ахбетова Гүлнар Мухитовна; дәрігер- эпидемиолог Кыздарбекова Ботакоз Акбергеновна, дәрігер педиатр Мұхтар Дильмира,Мейіргер ісінің 4 курс студенті, келіп қатысты.
Оқушылар дұрыс тамақтану қағидасын,тамақтың рациондық сапасы туралы мәліметтер алды. "Сенім" өзін өзі басқару орталығының мүшелері дұрыс тамақтану бойынша қатысушылардың ой,пікірлерін тыңдап,өздерінің дайындаған ақпараттық бөлімдері мен таныстырды. Кездесуді тәлімгер Кеңесхан А.жүргізді.