Ұлт мақтанышы Ілияс Есенберлин 109 жаста
Дата: 2024-02-02 09:13:40
«Біртұтас тәрбие бағдарламасы»
Ұлт мақтанышы бола білген Ілияс Есенберлиннің туғанына 109 жас толуына байланысты сыныптан тыс сағатты 10 «Ә» сыныбына қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі С.С. Имухамбетова өткізді.
Ұстаз оқушыларға І.Есенберлиннің нағыз жазушылық орнын белгілеген «Қаһар», «Алмас қылыш», «Жанталас» атты тарихи романдарының адамгершілік, психологиялық, мәдени мәселелерін көтеріп, тарихи кітаптарға деген сүйіспеншілігін, оң моральдық қасиеттерін жеткізді. Бұл өскелең ұрпақтың тарихи шығармаларды оқуға құштарлығын арттыру тәсілінің бірі. Ұлы тұлғаның бұл шығармалары оқушылардың ой-өрісін, тілін дамытуға, мемлекеттік тілге, кітапқа деген сүйіспеншілігін оятты.
Жазушының кітаптары, дала халқы туралы айтқан сөздері балаларға ұнады. Сондай-ақ жазушының қандай шығармалар жазғанын және оның қолжазбалары әлем елдерінің қандай тілдеріне аударылғанын білді.
Ілияс Есенберлин туралы деректер:
- І. Есенберлиннің моласында «Мен тарихты жаздым. Оны өзімнің халқым әділеттіліктің жалауының астында болашаққа жүруі үшін ашуға тырыстым» деген жазу бар;
- 1969 жылы қазақтың соңғы ханы Кенесары хан туралы жазылған бірінші «Қаһар» романы жарық көрген. Екі жылдан кейін «Алмас Қылыш», тағы да үш жылдан кейін – үшінші романы «Жанталас». Үшеуіде әйгілі «Көшпенділер» трилогиясын құраған. Оны орыс тіліне аударған Морис Симашко 1986 жылы ҚазССР мемлекеттік сыйлығына ие болған;
- Ілияс Есенберлиннің қызы Раушанның естелігі: «Менің әкем туралы қалған ең жарқын естелігім ұлы (менің бауырым) Қозыкөрпеш туылғаны. Біз перзентханаға бардық. Ол қуаныштан, шаттықтан мейірбикелерді сүйіп, құшақтаған. Қайтар жолда трамвайға отырғанымызда әкеміз барлықтарына ұлы туылғанын жариялаған»;
- Ілиястың әйелі Орталық компартияның секретарі, әділет министрі Хамза Жүсіпбекұлының қызы Диляра болған. Ілиястың қайын атасы Сәкен Сейфуллинмен бір ауылдың тумасы, одан әрі – Сәкенмен бір үйде өмір сүрген. Танысқан кезенде Диляра бірден әкесі жазаланғаны туралы айтты. Алайда оған қарамастан, олар үйленген.