«Кім жүйрік» атты интеллектуалды квест ойыны өтті.
Дата: 2024-02-02 09:07:07
«Абай атындағы №2 мектеп –лицейі» 2024 жылдың 27 қаңтарында «Кім жүйрік» атты интеллектуалды квест ойыны өтті.
Квесттің мақсаты-өлкеміздің тарихын зерттеу арқылы зияткерлік қабілеттерін дамыту, әртүрлі қызықты жұмбақтарды анықтауға, логикалық есептерді шешуге, локацияларды табуға және қойылған міндеттерге жауаптарды жылдам шешуге үйрету, сондай-ақ коммуникативтік және шығармашылық қабілеттерін арттыру, оқушылардың білімін арттыру Қатысушылар ойын барысында әртүрлі қызықты жұмбақтарды, логикалық есептерді, аудио сұрақтарды шешу, шығармашылық қабілеттерін шыңдау, креативті ойлау қабілеттерін қалыптастыру, интелектуалды ойлау қасиеттерін дамыту мақсатындағы зияткерлік тапсырмаларды орындап шықты.
Сайыс қортындысы бойынша:
Гран при – 8 «Б» сынып оқушылары: Ерболқызы Тұмар, Жартыбай Аружан, Нұрлан қызы Райан.
І орын – 8 «Ә» сынып оқушылары: Садық Аруна, Махсатова Аяна, Рахимова Фариза;
ІІ орын – 8 «А» сынып оқушылары: Райс Тоғжан, Сәттібай Тоғжан, Мукатаева Айым, Сейтжанова Сара.
І орын – «Қыран» тобы 9 «Ә» сынып оқушылары: Хапан Әмина, Қазыбек Айым.
ІІ орын – «Қайрат» тобы 9 «Ә» сынып оқушылары: Малибеков Абылай, Тлеубек Бекасыл. Құттықтаймыз!