Қалалық ашық сабақ өтті.

Дата: 2024-01-31 00:56:11
Қалалық ашық сабақ өтті.
  Балқаш қалалық білім бөлімі, әдіскерлік кабинетінің жоспарына сәйкес "Тәжірибемен бөлісейік" жас мамандарға арналған ашық сабақтар айлығында Абай атындағы №2 мектеп-лицейдің биология пәні мұғалімі, озық тәжірибелі, білікті ұстаз,педагог зерттеуші Б.Ж.Садыканова  9 А сыныбында тәжірибе көрсету, ашық сабағын өткізді. Сабақ Блум таксономиясының ойлау деңгейілерінің 6 қадамы негізінде жүргізілді.
  Әр қадам бойынша тапсырмалар түрлендіріліп берілді.Сабақтың метапәндік құзыреттілгі, ұлттық құндылықтары барынша ашылып, байланыс жүргізілді. Жас мамандар тәжірибелі педагог сабағынан мол әдістемелік білім алды. Келесі кезеңінде гидропоника кабинетімен және педагогтың кәсіби шығармашылық жұмыстарымен танысып шықты.
Тәжірибе алмасу сабағына қалалық білім бөліміндегі жаратылыстану пәндері әдіскері К.К.Айнабекова және мектеп лицейдің ДОІЖО Ш.Т.Жаксыгелдина, қала мектептерінің жас мамандары қатысты.