«Математиканың шексіз қырлары» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді.
Дата: 2024-01-29 10:26:12
26 қаңтар күні «Абай атындағы №2 мектеп-лицейі» КММ-де «Математика айналамызда» математикалық сауаттылық апталығы аясында 9-10- сынып оқушыларымен математика пәніне деген танымдық қызығушылықты өзектендіру, оқушыларға кәсіби бағдар беру мақсатында «Математиканың шексіз қырлары» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді. Семинар-тренинг барысында үгіт-насихат тобы ұлттық ғылымның дамуына ықпал етуші әлемге әйгілі физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Асқар Жұмаділдаевтың болмысын дайындаған ақпараттары арқылы аша білді. «Мен таңдаған мамандықтағы математика» тақырыбында математика таңдау пәні бойынша таңдалатын мамандықтар жайлы әр сыныптан екі оқушы топтық жұмыс жасады. «Білгенге маржан» бөлімінде мектеп-лицейіміздің кәсіби бағдар беруші педагогы Р.Н.Наскенова мамандық таңдау барысында қандай сайттармен жұмыс жасау керектігі жайлы ақпар бере отырып, «қол мидың жалғасы» атты алақан арқылы мамандық саласын анықтау үшін психологиялық ойынмен аяқтады.
Іс-шараны ұйымдастырушы математика пәні мұғалімдері: Б.Б.Иманбекова, С.М.Калиева.