7 сынып оқушылары арасында "Golben brain" кубик текшелерін құрастыру турнирін өткізді.
Дата: 2024-01-29 10:00:33
"Математика айналамызда" математикалық сауаттылық апталығында жас маман математика пәні мұғалімі Е.С. Қордабай 7 сынып оқушылары арасында "Golben brain" кубик текшелерін құрастыру турнирін өткізді. Логикалық, басқатырғыш ойыны арқылы білімалушылардың логикасын дамытады, миды ширатып, жылдамдыққа бағыттайды.Сыни ойлау дағдысын жетілдіреді. Турнирдің ең кішкентай қатысушысы 2 сынып оқушысы Үсен Даниял болды. Турнир 2 кезеңінен тұрды. Қатысушылар жылдамдық шеберлігі және құрастыру әдістері бойынша сынға түсті. Қиынан қиыстырып, текше түстерін тез әрі жылдам құрап, аса шеберлікпен өнер көрсетіп 7 Б сынып оқушысы Қанатбек А жүлделі 1 орынмен марапатталды. 2 орын жас қатысушы, зерек ойлы 2 В сынып оқушысы Үсен Даниал ие болды. Абдуразақ Н., Қайратұлы Е. 3 орынмен марапатталды.
Турнир қатысушыларға өте үлкен әсер қалдырды.