«Мен оқыған бір ертегі» іс-шарасы
«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында білім алушыларымызды кітап оқуға тарту, кітапқа деген сүйіспеншіліктерін арттыру мақсатында түрлі шаралар жоспарланып өткізілуде. Сондай бағыттардың бірі ертегілер арқылы балаларды адамгершілікке, мейірімділікке және адалдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. Кітап оқу - талдауға, сараптауға, өзіндік жүйелі пікір қалыптастыруға үйретеді десек, театр өнері таным-түсініктерін, өмірге деген көзқарастарын шыңдай түспек. Соған орай, мектеп-лицейіміздегі «Қуыршақ» театры үйірмесінің жетекшісі Меруерт Нурашқызы Утеновамен бірлесе отырып «Мен оқыған бір ертегі» іс-шарасы өткізілді. Іс-шара барысында орыс халқының «Ормандағы ескі үйшік» («Теремок») ертегісінің желісімен қойылым көрсетіліп, білім алушыларымызға Меруерт Нурашқызы қуыршақтармен жұмыс істеу барысының қыр-сырымен бөлісті. Қойылым даярлық тобы мен 1 сынып білім алушыларының көңілінен шықты.