4 Ә сыныбында 22 қаңтаркүні «Математика патшылығына саяхат» тақырыбында сынып сағаты өтті.
«Абай атындағы №2мектеп-лицейі» КММ-нің 4 Ә сыныбында 22 қаңтаркүні «Математика патшылығына саяхат» тақырыбында сынып сағаты өтті. Апталықтың мақсаты: математикалық мәдениетті қалыптастыру, сауаттылықты дамыту, түрлі іс-шаралар барысында логикалық ойларын дамыту. Сынып сағаты саяхат болғандықтан кемемен жүзіп отырып түрлі қиындықтардан өтіп , аялдамаларға тоқтап,сол аялдамаға сәйкес тапсырмалар орындадық. «Даналықнегізі- білім, Білім негізі –ғылым». Математика ғылымы қандай ұғымдарды қамтитынын еске түсіру үшін жұмысты «Даналық ағашын» ұғымдармен толтырудан бастадық.
Келесі аялдама «Сандар», «Фигуралар» , «Амалдар», «Логикалық тапсырмалар» түрінде жалғасты. Тапсырмалар сұрақ-жауап, сурет салу, ұқсастығын табу, амалды орындау,белгісізді іздестіру, жылдам есептеу , шырпыны ауыстыру, дұрыс теңдік шығару сияқты жан-жақты танымдық қызығушылықты оятуға бағытталып құрастырылды.
Ғылым жолы бірде жеңіл, бірде қатты,
Таңырқатып, аңыз қылған адамзатты.
Келер ұрпақ даналарға ұқсап туса,
Омар Хайам, Әл-Фараби жолын қуса,
Елімнің гүлденеді болашағы-деген жолдармен саяхатымызды аяқтадық., Теңіз бірде тыныш, бірде толқынды, кейде тіпті жауынды, дауылды болатынын ескере отырып Математика ғылымы да сондай болады. Тапсырмалар да кейде оңай, кейде қиындау, ал тіпті кейде шешімі жоқтай болатынын ескеріп қандай жағдай болса да қиындықтан қорықпай, тек алға қарай ұмтылу керек, «Мектеп-кеме, білім-теңіз» сол мектепте алған білімдерің сендерге жол көрсететін шырақ болатынын есте сақтау керектігін атап өттім.