“ДосболLIKE”

Дата: 2024-01-23 14:55:59
“ДосболLIKE”
 
ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті ұсынған “ДосболLIKE” науқаны “ Абай атындағы N 2 мектеп-лийейі» КММ-нің барлық сыныптарында бір уақытта тәрбие сағаттары жоспарға сай жүзеге асты. «Ұлы тұлғалардың достығы» атты сынып сағаттарында оқушылар қазақ зиялыларының ерекше достығы адамгершілік қасиеттің ерекше қарым-қатынасын көрсетіп қана қоймай, сол достықтарының нәтижесінде туындаған очерктер, деректер, әдеби шығармалар туындап, ұлттық мәдениеттің дамуына қосқан үлестері жайлы құнды мәліметтерді ала білді. Ұлы тұлғалардың достығы – ұлт мәдениетінің көрсеткіші екенін оқушыларға етене жеткізіп, сыныптарымен тәрбие сағатын жүргізген ұстаздар: 8 «А» сынып жетекшісі Еркінова Ж.Е., 8 «Б» сынып жетекшісі Қуанышбекова Г.Қ., 8 «В» Умбетова Т.Е, 9 «Ә» сынып жетекшісі Амирбаева К.М., 9 «В» сынып жетекшісі Аманжол К.А. 
Ар-ұят құндылығы аясында 7 «А» сынып жетекшісі Сардарбекова Г.Р. «Адал дос» тақырыбында сынып оқушыларымен позитивті қарым-қатынасты және эмоционалдық әл-ауқатты дамыту мақсатында тренинг, ой-түрткі сұрақтармен сабағын жүзеге асырды.  Өзара сыйластық, өзара түсіністік, өзара көмек, дұрыс қарым-қатынас – достықтың бастауы деп оқушылар ой түйді. 
Бастауыш сынып оқушылар арасында достық  қарым-қатынасты меңгерту мақсатында  1 сынып оқушылар арасында «Дос болайық бәріміз» сурет салу, 2-4 сыныптар арасында «Дос болайық бәріміз» әнін шырқау, мақал-мәтел айту, шығарма жазу бойынша 2 «А» сынып жетекшісі Казакбаева А.Т., 2 «В» сынып жетекшісі Шаймерденова С.С., 3 «А» сынып жетекшісі Тлеукулова К.А. ұстаздары оқушыларды татулыққа, достыққа, ұжымшылдыққа тәрбиелеу іс-шараларын жүзеге асырды.