Размер шрифта:

10 Ә сынып оқушыларымен "Абайдың қарасөздері" саундтрек таныстырылымы өтті.

Дата: 2024-01-18 17:15:24
10 Ә сынып оқушыларымен

«XXI ғасыр – сауатты ұрпақ ғасыры» оқу сауаттылығы апталығы  аясында 2024 жылдың 17 қаңтар күні қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі М.Ж.Сейткалиева мен 11 А сынып оқушысы Абай оқуларының жүлдегері Ақылбекова Зульфияның ұйымдастыруымен 10 А, 10 Ә сынып оқушыларымен  "Абайдың қарасөздері" саундтрек таныстырылымы өтті. Іс – шарада Зульфия Абайдың қара сөздерінің тақырыптық бөлінуіне тоқтала отырып, 4-қарасөзі бойынша сынып оқушыларымен түсірілген саундтрегіне таныстырылым жасады.  Абайдың 4-қарасөзін бүгінгі қоғамдағы өмірмен байланыстырып,  көрерменнің жүрегіне жеткізе отырып, маңыздылығын ерекше атап өтті.Іс шара соңында оқушылар "Екі жұлдыз,бір тілек"бойынша  рефлексия жасап,кері байланыс берді.Іс шара директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Ш.Т.Жаксыгелдина қатысты.