«Ата-аналарды педагогикалық қолдау»
Дата: 2024-01-15 10:06:12
2024 жылдың 9 қаңтарында "Абай атындағы №2 мектеп-лицейі" КММ-і 5«В» сыныбы оқушыларының ата-аналарымен «Ата-аналарды педагогикалық қолдау» аясында кездесу өтті.
Тақырыбы: "Бұлақ көрсең, көзін аш. Баланың шығармашылық қабілетін дамыту"
Ұлттық құндылықтар мен жеке қасиеттер: ынтымақтастық, ата-ананың міндеті, құрмет, шығармашылық, әлеуметтік интеллект. Жауапкершілік, шығармашылық, жауаптылық, ашықтық, ынтымақтастыққа дайын болу.
Мақсаты:
1. Ата-аналардың, баланың шығармашылық қабілеттерін дамыту дағдыларын қалыптастыру.
2. Ертегі ойлап табуға үйрету.
3. Қазіргі отбасында балалар шығармашылығын дамытудағы ұлттық ойындардың маңызы.
4. Балалармен жүргізілетін шығармашылық әрекеттің тиімділігін арттыру.
5. Шығармашыл тұлғаны дамыту үшін отбасы мен мектептің өзара әрекеттесуі.
Сынып жетекшісі Рашида Наскенқызы тақырыптың мақсатына жете отырып, қосымша ананың баласына деген шамадан тыс мейірімі мен махаббатының балаға алдағы өміріне қалай әсер ететіні жайлы ойларын ортаға салып, бала тәрбиесі жайлы таңдаулы кітаптар мен семинар-коучтерден білімін жетілдіруді ұсынды. Кездесу жайлы атмосферада кофе брейкпен әркім өз ойыларын еркін жеткізе алды.
Қорытынды. Шығармашылық тұлғаны дамытудағы ең бастысы - жасөспірімдермен бірге қызықты бірлескен шығармашылық тапсырмаларды орындап үйрену! Шығармашылық тұлғаны тәрбиелеудегі сәттілік сіздің үйіңіздегі атмосфераға, ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасқа байланысты.
Мақсатқа жету үшін балаңызға қолдау көрсетіңіз.
Көбіне үлгерімі төмен оқушы сәтсіздікке жиі ұшырайды. Балаға көмектесіп, сәтсіздік алдындағы қорқыныш сезімін жеңілдету үшін келесі ережелерді ұстаныңыз:
- оны ешкіммен салыстырмаңыз, оның тек жетістіктері маңызды;
- көңіл-күйін қадағалаңыз, егер сіз оның күмәнданғанын және өзіне сенімді емес екенін сезсеңіз, оны жігерлендіріңіз;
- баланың алған дағдыларын қолдаңыз, түпкі мақсатты еске түсіріңіз бұл оны жігерлендіреді;
- оқушыңызды өз бетінше жетістікке жетуіне ынталандырыңыз, тіпті ең кішкентай жетістік те назардан тыс қалмауы керек. Есіңізде болсын, жұмысты жалғастыруға ынталандыру үшін мақтаудан артық ештеңе жоқ.