Педагогикалық кеңес.
Дата: 2024-01-08 22:57:38
2024 жылдың 5 қаңтарында мектеп-лицейіміздің кезекті педагогикалық кеңесі өтті.
Күн тәртібі
1. 2023-2025 жылдарға арналған Біртұтас тәрбие бағдарламасы: қазіргі қоғамға әлеуметтік бейімделу және табысқа жету үшін тәрбие ортасын құру, оқушылардың азаматтық, патриоттық сезімін қалыптастыу.
2. «Жас сарбаз» клубында оқушыларды отансүйгіштікке тәрбиелеу жұмыстарының формалары.
3. Білім алушылардың 2-ші тоқсан қорытындысы бойынша білім сапасының анализі.
4. Қазіргі мектептегі инклюзивті білім беру: мәселелер және шешу жолдары. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушылармен жұмыс істеу формалары мен әдістерін жетілдіру (тренинг).
5. Оқушылардың ыстық тамақпен қамту мониторингісінің қорытындысы.
6. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың республикалық «EgemenQazaqstan» газетіне берген сұхбатына қысқаша шолу.
7. Әр түрлі хабарландырулар.
Қоғам дамуының заманауи жағдайларындағы биылғы тәрбие жұмысының басым 3 құндылыққа негізделген бағыттарының жалпы жұмысы жайлы және осы 3 құндылықтың мектепішілік үйірмелер мен жобаларда қалай жүзеге асып жатқандығы көрсетілді. Олар:
Ұлттық мүдде - «Жас сарбаз» клубында оқушыларды отансүйгіштікке тәрбиелеу жұмыстарының формалары;
Ар-ұят – Абайтану үйірмесі «Абай руханияттың алтын қазығы» жобасы, «Оқуға құштар мектеп» жобасы;
Талап – денешынықтыру сабағандағы ұлттық ойындар мен спорттық үйірмелері.
Педагогикалық кеңес дәстүрлі және дәстүрлі емес 2 түрлі форматта өтті: шығармашылық есеп беру мен аукцион. Өзін-өзі танудың «Пять - Д» тәсілімен яғни, 1. Тәртіп, 2. Талап, 3. Достық, 5. Сенім бойынша мұғалімдердің оқушы тәрбиесіндегі өзіндік әдістері мен мектеп мәдениетін қалыптастыруда қандай құндылықты ұсынатынын аукционға салды.
Білім сапасы 44,7, өсу бар. Сыныптар бойынша білім сапасының көтеріліп, түсуі сараланды, резервтегі оқушылар туралы айтылды. Жақсы әлеуеті бола тұра өз деңгейінде білімін толық көрсете алмай отырған 5 Ә, 5 Б және осы тоқсанда жақсы көрсеткішке қол жеткізген 6 Ә сыныптары туралы айтылды.
Ерекше білім беруді қажет ететін балалармен жұмыс істеу формалары мен әдістері бойынша педагог-психолог өз тәжірибесімен бөлісті.