1-сынып оқушыларының дәстүрлі "Рахмет саған, Әліппе!" атты ертеңгілігі өтті.
Дата: 2023-12-27 09:25:55
Әліппем, менің әліппем,
Көп нәрсені үйреттің.
Таныстырып әріппен,
Тақылдатып сөйлеттің
Әліппем, менің әліппем,
Өмірді келем танып мен.
Қайталап айтам мың рет,
Әліппеге рахмет! Әліппеге рахмет!
25 желтоқсанда "Абай атындағы №2 мектеп-лицейі" КММ-де 1-сынып оқушыларының дәстүрлі "Рахмет саған, Әліппе!" атты ертеңгілігі өтті.
Ертеңгілікте балалар екі тоқсан бойы үйренген білімдерін көрсетті. Жатқа өлеңдер оқып, жұмбақтар шешті. Есептер шығарып, әріптерден сөздер құрап, мәтіндерден үзінділер оқып, ата-аналарын қуантты. Сонымен қоса, өз өнерлерін ортаға салды. Әр түрлі қызықты ойындар ойнатылды.
Әліппенің қадір - қасиетін меңгертіп, балаға білім нәрін бойына сіңіртіп қана қоймай, жан дүниесін түсінетін,анасындай қамқор бола білген нағыз ұстаздар: Абдыкарина М.Ж., Дауренбекова А.А., Байтурганова М.С., Макашева Ж.М., Дүйсенбекова А.Р.