6 сыныптар арасында «Тарих білгірлері» атты зияткерлік ойынын өткізді.

Дата: 2023-12-15 00:12:40
6 сыныптар арасында «Тарих білгірлері» атты зияткерлік ойынын өткізді.
13.12 - күні Облыстық функционалды сауаттылықты дамыту бағытындағы "Зейін" жобасы аясында  «Тарих толқынында» тарихи сауаттылық апталығының жоспарына сәйкес , zoom платформасында  Абай атындағы 2 мектеп - лицейінің тарих пәні  мұғалімі Жаппарова М.Н. 6 сыныптар арасында «Тарих білгірлері» атты зияткерлік ойынын өткізді.
Мақсаты:  Оқушылардың тарих пәнінен алған білімдерін жүйелеу, тереңдету;: адамгершілік пен ұлтжандылық, отансүйгіштік құндылықтарын дәріптеу.
Сайыс кезеңдері
І тур – «Сұрақ - менен, жауап - сізден»
ІІ тур – «Жұмбақ тұлға»
ІІІ тур – «Математикалық қобдиша»
ІVтур – «Терминдер сөйлейді»
V тур – «Бұл қай қала?»
VI тур – «Тапқырлар сайысы»
Сайыс қорытындысында өздерінің ой ұшқырлықтарымен,тапқырлық тарымен 
6 «А» сынып оқуышылары Бекмолла А., Қайрат А., Казиева М.бас жүлдені жеңіп алды.
1 - орын: 6 «Б» сынып оқушылары Арғын Д., Түймебай Ж.
2 - орын: 6 «Ә» сынып оқушылары Болат М., Мұратқызы Д.
Зияткерлік ойын оқушылардың тарихи сауаттылығын тереңдетуге зор үлесін қосты.