"Оқытудың құндылыққа негізделген әдісі" тақырыбында "кейс сессия" өтті.
Дата: 2023-12-11 21:22:34
"Құндылыққа негізделген тәрбие мен білім" апталығы аясында мектеп лицейімізде "Оқытудың құндылыққа негізделген әдісі" тақырыбында "кейс сессия" өтті.Жаратылыстану бағытындағы пәндерде құндылыққа бағытталған білімді дәріптеу бағытындағы өз тәжірибесімен химия пәні мұғалімі Мұқамеди Р.С.. География пәні мұғалімі Жаксыгелдина Ш.Т және физика пәні мұғалімі Рахимова Ж.Т. бөлісті.
Құндылыққа бағытталған оқыту барысындағы өз тәжірибесімен бөліскен физика пәні мұғалімі Ж.Т.Рахимова бүгінгі таңда оқу – тәрбие жұмысы құндылыққа бағытталуының себебі не, құндылықтарды дәріптемеудің қандай салдары бар, соған тоқталып кетті. Экзистенция анализінде «ҚҰНДЫЛЫҚ» және «ҚҰРАЛ» деген ұғым бар. Мысалы, математика, физика, химия, шет тілі сияқты пән атауларының бәрі ҚҰРАЛҒА жатады. Ал, ата – анасын сағыну, біреудің қайғысына ортақтасу, көңіл айту, біреудің қуанышын бөлісу, жауапкершілік арқалау сияқты дүниелерді ҚҰНДЫЛЫҚҚА жатқызады. Яғни, ар – ұят, махаббат, уәдеде тұру, еркіндік, жауапкершілік, кешірім, тәубе сияқты адами қасиеттері экзистенциялық қабаттан шығады. Балаға құндылық бермесе, өсе келе санда бар, сапасы жоқ «қуыс кеуде» типке айналатыны айтылды. айтылды. Мұғалімдерге "Балалықтан даналыққа" кітабын оқу ұсынылды.