Технологиялық және цифрлық дағдыларды ілгерілету.
Дата: 2023-12-10 10:00:07
«Құндылыққа бағытталған тәрбие мен білім» форумы аясында 6 желтоқсанда мектеп-лицейіміздің «ІT club» үйірмесінің ұйымдастырылуымен Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды Мемелекеттік университетінің доценті, Php Муратхан Райханмен кездесуі өтті.
Мақсаты: Білім алушылардың технологиялық және цифрлық дағдыларын ілгерлету.
Ақпараттық технология адам өміріне қалай әсер етеді? Біз оларды қаншалықты жиі қолданамыз? Адамдарда заманауи технологияның олардың жеке басының дамуына қандай әсері бар екендігі туралы түсінік бар ма? Осы және жанама мәселелердің барлығын талқыға салдық.
Сонымен, ақпараттық технологиялар (IT) - ақпаратты жинау, сақтау, өңдеу және тарату үшін қолданылатын әдістер мен құралдардың жиынтығы. Қазіргі уақытта адамдардың өмірі IT-технологияларға көбірек тәуелді болып барады. Күн сайын біз міндетті түрде әртүрлі әлеуметтік желілерге кіреміз, жаңалықтарды тексереміз, достарымызбен сөйлесеміз және осының барлығы заманауи IT-технологиялардың ең жарқын өкілдері – телефон. Сонымен қатар, IT салысындағы мамандықтарда бүгінгі таңда үлкен сұраныста.
IT сферасында өмірі өнеге болып жүрген, осы саланың білікті маманы, ұстаз Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды Мемелекеттік университетінің доценті Райхан Муратхан. 998-2002 ж.ж. Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ, мамандығы 0102-«Қолданбалы математика», біліктілігі «Математик. Инженер программист» мамандығын алған. 2002- 2004 ж.ж. Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ, мамандығы 510102-«Қолданбалы математика», біліктілігі «Қолданбалы математика магистрі» мамандығы бойынша аяқтап, 2011-2014 ж.ж. Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, мамандығы 6D060200-Информатика мамандығы бойынша PhD қауымдастырылған профессоры. Осы салада әр дайым ісденісте жүретін ұстаз, бүгінде Қарағанды облысының мамандандырылған лицей және гимназия мектептерінің оқушыларына қосымша сабақ өткізуде. Тәжірибие алмасуда, Ташкент сынды басқа да мемлекеттерге тәжірибе алмасуда. Бүгін бізде онлайн кездесуде. Кездесуде IT сферасы және ондағы сұраныстағы мамандықтар туралы тәжірибесімен бөліседі.