Оралхан Дәулетұлы Барлановпен мектеп-лицейдің 11-сыныптар оқушылары арасында кездесу өтті.

Дата: 2023-12-10 10:54:51
Оралхан Дәулетұлы Барлановпен мектеп-лицейдің 11-сыныптар оқушылары арасында кездесу өтті.
06.12.2023 ж. ұлттық құндылыққа негізделген тәрбие бағдарламасы аясында оқушылардың қаржылық сауаттылығын арттыру мақсатында қаламыздың жас кәсіпкері, «Үміт үзбе» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, қала жастарының саналы дамуын арттыруға үлес қосып жүрген белсенді азамат Оралхан Дәулетұлы Барлановпен мектеп-лицейдің 11-сыныптар оқушылары арасында кездесу өтті.
Оралхан Дәулетұлы оқушыларға уақыт пен қаржыны тиімді жоспарлау, жаһандық дағдыларды меңгеру, бойынша ақпарат беріп, өмірлік тәжірибесімен бөлісті. Кездесу соңында оқушылар қонағымызға алғыстарын білдіріп, позитивті көңіл-күйде қоштасты.