«Құндылыққа негізделген тәрбие мен білім» форумы аясында Жолдыбалинов Нұржан Нұрланұлымен тағылымды кездесу
Дата: 2023-12-07 17:14:08
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы қасиетті Түркістан қаласы, Түркі елінің шаңырағында өткізілген «Әділетті Қазақстан - Адал азамат» атты ІІ Ұлттық құрылтайда сөйлеген сөзінде: «Адал азаматқа тән қасиеттер әрбір жастың бойынан табылуы керек, ұрпақтың бойында жаман әдет болса, бұл үлкендердің кінәсі» - дей келе, Әділетті Қазақстанды құру үшін бүкіл қоғам болып жұмылу керектігін, ең бастысы, әр азаматтың сана-сезімі жаңғыруы қажеттігін, халқымыздың дүниетанымы және өмірлік ұстанымдары өзгеруге тиіс екендігін; әйтпесе, басқа реформаның бәрі бекер болатындығын нақты атап өтті. Соған орай, «Ұлттық тәрбие - ел болашағы» тәрбиесінің тұжырымдамалық негіздері енгізіліп, 2023-2025 жылдарға арналған Біртұтас тәрбие бағдарламасы іске асырылуда.
«Біртұтас тәрбие бағдарламасы» - ұлттық, адами құндылықтарға негізделген. Жастарымызға, өскелең ұрпаққа еліміздің мәдениеті мен тәрбиесіне қалтқысыз еңбек етіп жүрген құрметті азаматтардың өмір жолын насихаттап, дәріптеу арқылы Отанға деген патриоттық рухты тәрбиелеу мақсатында «Құндылыққа негізделген тәрбие мен білім» форумы аясында 6 желтоқсанда мектеп-лицейіміздің кітапханашысы Х.Булганбайдың ұйымдастыруымен “Қазақстанның 100 жаңа есімі” жобасының жеңімпазы, Астана қаласындағы ҚР Ұлттық академиялық кітапхана басшысының орынбасары, Қазақстандық Ұлттық электронды кітапхананы әзірлеуге қатысқан IT мамандардың бірі, рухани қазынаны дәріптеп жүрген мәртебелі мамандық иесі, кітапханашы Жолдыбалинов Нұржан Нұрланұлымен online кездесу өткізілді. Кездесуге мектеп-лицейіміздің 9 А сынып білім алушылары, қала мектептерінің кітапханашылары қатысты.