"Сабақты зерттеу ls" тәсілі бойынша 8 А сыныбында зерттеу сабақтары жүргізілуде.
Дата: 2023-12-07 17:05:42
Білімалушыдардың біліміндегі олқылықтардың орнын толықтыру жұмысы бағытында "Сабақты зерттеу ls" тәсілі бойынша 8 А сыныбында зерттеу сабақтары жүргізілуде.
06.12 күні тәжірибелі ұстаз Ашимкулова А.К.орыс тілі пәнінен зерттеу сабағын берді.Тақырыбы: "Определение и виды определение"
Сабақ барысында оқушылармен диалогтық оқыту әдісі арқылы оқушылардың өткенге шолу білім алу, мақсатқа жету қабілеттерін арттыру жұмыстары жүргізілді .Сұрақ қою техникасының түрлері түрткі болу,сынақтан өту,қайта бағыттау сұрақтары арқылы оқушылардың білімдері тереңдетіліп,бекітіліп отырылды.
Сабақтың тәрбиелік мәні де өте шеберлікпен ашылды,адам бойындағы негізгі құндылықтарға мысал келтіре отырып, оқушылар атап өтті.Wordeall электронды қосымшасы арқылы құрылған интерактивті ойын арқылы жаңа сабақ бекітілді.
Зерттеу сабағы "Лесенка успеха" рефлексиясымен аяқталды,оқушылар кері байланысы тыңдалды.
Сабаққа зерттеу тобының мұғалімдері және психолог Толетаева А.А,сынып жетекшісі Еркинова Ж.Е және директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Жаксыгелдина Ш.Т.қатысты.