«Ұлттық Құндылыққа негізделген тәрбие мен білім» форумы негізінде
Дата: 2023-12-06 16:55:24
4 желтақсан күні мектеп-лицейімізде "Сиқырлы саусақ" үйірмесінің жетекшісі Т.О. Усенованың ұйымдастыруымен 5 «А» сыныбында "Түпкиізді пішу, оюларын жапсыру" тақырыбында шеберлік сағатын өткізді.
Мақсаты: Қолөнер бұйымдарын жасауды үйрету, шығармашылық қабілеттерін дамыту, өз беттерінше бұйым жасауға баулу, шеберлікке, ісмерлікке тәрбиелеу.
Оқушылар үйірмеде ұлттық бұйым түпкиізді жасап, өздерінің шеберліктерін көрсете білді.
Қазіргі күнде ата-бабамыз ата-бабамыз айналысқан қандайда бір кәсібі болмасын өз маңызы мен қасиетін жоймаған, қайта түрленіп қазіргі заман талабына сай ерекшеленіп отыр. Қолөнер десек, онда оның көптеген түрлері бар : ”құрақ құрау”, “кілем тоқу”, “түп киіз тоқу “, “сырмақ басу“, “кесте тігу“ сияқты. Атадан баласына, анасынан қызына мирас болып келе жатқан –сәндік өнерінің өзі ұлттық мәдениетіміздің дамуына ықпал етеді. Аталарымыз қызымыз бен ұлымыз cегіз қырлы, бір сырлы болуын қадағалаған. Әсіресе қыз балаға: ине сабақтап, түйме қадау,кесте тігуді, ас пісіруді үйретсе, ұл балаларымызға таспа тілу, өрім тоқу, мал сою және мүшелеуді үйреткен. Бүгінгі күннің талабына сай қолөнер түрлері де сан алуан.