«Ұлттық Құндылыққа негізделген тәрбие мен білім» форумы негізінде
4 желтоқсан күні мектеп-лицейімізде «Күш атасын танымас» тақырыбында Қажымұқан Мұңайтпасов пен Балуан Шолақ күш аталары жайлы 5 «А» сынып оқушыларымен тәлімдік сағаты өтті. Мақсаты: Артында өшпес із қалдырған, қазақтың күш өнерін әлемге паш еткен балуандар өмірі мен өнерін өнеге тұту. Күш атасы - Қажы Мұқан Мұңайтпасұлы — қазақ халқының тарихындағы тұңғыш кәсіпқой балуан. Тұтас ғұмырын күрес өнеріне арнап, ұланғайыр жері мен өршіл халқын бірінші болып өзге жұртқа паш еткен, өзінен бұрынғы қандастары баспаған топырақты басып, көрмеген елді көріп, өзге қазақ тақпаған алтын, күміс медальдарды мойнына тұңғыш ілген Қажы Мұқан бабамыз. Классикалық күрестен /Қажымұқан атындағы жүлде жыл сайын сарапқа салынады. Жолын қуған бүгінде еліміздің намысын қорғап жүрген классикалық күрестен «Олимпиада чемпионы» атағына қол жеткізген кімді білесіңдер? /Жақсылық Үшкемпіров/ Бейжің Олимпиадасында еркін күрестен Таймураз Тигиев күміс медальға қол жеткізді.