«Құндылыққа негізделген тәрбие мен білім» форумы
«Сөзіне берік – ісіне адал болу» «Құндылыққа негізделген тәрбие мен білім» форумын өткізу іс-шаралар жоспарына сәйкес «Абай атындағы №2 мектеп-лицейі» КММ-нің «Адал ұрпақ» еріктілер клубының мүшелері жасөспірімдер арасында өнегелі тұлға болып жүрген, қаламыздың белсенді азаматы, жас кәсіпкер Оралхан Барланмен кездесті. Әлемге жақсылық нұрын шашу – өз қолымызда. Бұған кейіпкеріміз - Оралхан Барлан "Волонтер болуым, алдымен, қоғамдағы түрлі іс-әрекеттерге жеке көзқарастың қалыптасуы, жасөспірімдердің бойындағы белсенді өмір сүру дағдысын және өз тарапыңыздан сәл де болсын қоғамға өз көмегіңізді беру" - деп, қоғамдағы ақысы қайтпайтын жұмыс парасаттылыққа, мейірімділікке тәрбиелейтінін айтты. Жалпы, волонтер болу патриотизмнің, яғни, отаншылдықтың жарқын үлгісі. Сонымен қатар, Оралхан әлеуметтік көмекті қажет ететін мұқтаж жандарға қол ұшын беруші еріктілер тобын басқарады. @umit_uzbe.kz @oralkhanbarlan «Ерікті болу – ерлікпен тең»