«Құндылыққа негізделген тәрбие мен білім» форумы
«Құндылыққа негізделген тәрбие мен білім» форумын өткізу іс-шаралар жоспарына сәйкес «Абай атындағы №2 мектеп-лицейі» КММ-нің әлеуметтік-педагогы А.Т.Бакимова және «Жас заңгер» клубы мүшелері бірлесе 9 сынып оқушыларымен «Шешім қабылдай білу және жауапкершілікті сезіну» тақырыбында ювеналды полицияның аға лейтенанты, жасөспірімдер ісі бойынша инспектор Аян Алтайұлымен кездесті. Жасөспірімдердің мектеп уақытында тұлға болып қалыптасуында көп ықпал ететін – қоғамдық ортасы және отбасы. Қоғамдық ортаға түскендегі жасөспірімнің қилы іс-әрекетте шешім қабылдап, өз ойын жете, еркін жеткізіп, сауатты, дұрыс шешім қабылдауына түркі тек – білім, әр салалы сауаттылық. Инспектор Аян Алтайұлы кәмелетке толмағандардың жұмыс жасауы жайлы ақпарат ұсынды. Еңбек кодексінің 31-бабына сәйкес, 16 жасқа толған азаматтармен еңбек шартын жасасуға жол беріледі. 2. Еңбек шарты: 1) орта білім беру ұйымында негізгі орта, жалпы орта білім алған жағдайларда, 15 жасқа толған азаматтар.