"Құндылыққа негізделген тәрбие мен білім» форумы

Дата: 2023-12-06 17:43:57
«Құндылыққа негізделген тәрбие мен білім» форумын өткізу іс- шаралар жоспарына сәйкес «Абай атындағы №2 мектеп-лицейі» КММ-нің «Жол қозғалысының кіші инспекторлары» мүшелері жасөспірімдер арасында патрульдік полицияның  аға сержанттары Нұрғиса Алпысбай мен Дидар Суринбековпен «Әдеп нормаларын сақтау» такырыбында кездесу өткізіп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Мақсаты: Жолда жүру ережесін есте сақтауға, оқушыларға жол белгілерін неше түрі бар, оны білу не үшін қажет, бағдаршамның, жол белгілерінің атқаратын қызметі қандай екенін үйреті. Қазіргі самокат, квадроцикл, электросамокатпен қала ішінде жүру тәртібі жайлы және жасөспірімдердің жол апатына көп ұшырағандары жайлы фактілерді айта келе, жолда сақ болуға үндеу тастады. 
Осы жылдың 10 айында жол көлік оқиғасынан қаза тапқан балалардың саны 14%-ға, ал зардап шеккен балалардың саны 3%-ға артып отыр. Зардап шеккен балалардың жартысынан көбі жолаушылар, ал қалғандары жаяу жүргіншілер.