Білім беру технологиялары: бағдар, Ізденіс, сапалы нәтиже" тақырыбында пікірлесу алаңы өтті.

Дата: 2023-12-01 23:57:51
Білім беру технологиялары: бағдар, Ізденіс, сапалы нәтиже
Облыстық оқу әдістемелік орталықтың "Жетістіктер формуласы" жобасы негізінде Абай атындағы №2 мектеп -лицейіне бекітілген Балқаш қаласы "Көп балалы және аз қамтылған отбасылардан  шыққан балаларға арналған мектеп-интернат" КММ  мен білім сапасын көтеруде қолдау жасау жоспарына сай "Білім беру технологиялары: бағдар, Ізденіс, сапалы нәтиже" тақырыбында  пікірлесу алаңы өтті.
Іс шараға қолдау көрсететін мектеп интернатының  директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Адреисова Ш.А.тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қасымбеков Н.М. және мектеп үйлестірушісі Бимбетова Б.С қатысты.
Абай атындағы №2 мектеп - лицейдің ғылыми әдістемелік бағытының  моделімен және  қолдау көрсетілетін мектеппен жүргізілетін жұмыс жоспарын №2 мектеп- лицейдің директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Ш.Т.Жаксыгелдина және тәрбие бағытының  негізгі  моделін тәрбие ісі  жөніндегі орынбасары Өмірхан Ә.М. және Сламбекова Н.С. таныстырып өтті.
Білім сапасын көтерудегі "Сабақты зерттеу lessen study  "маңызын мектеп лицейдің координаторы Коккозова Н.А. ақпар беріп өтті. Пікірлесу алаңында қолдау көрсетілетін мектеп интернатының  мәселелері анықталды. Осы мәселелерді шешу бағытында ұсыныстар айтылды.
Желілі қоғамдастықта бірлесе отырып сапалы нәтижеге жету айқындалды. Іс- шараны Ш.Т.Жаксыгелдина ДОІЖО жүргізді.