«1 желтоқан дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні»

Дата: 2023-12-01 23:33:19
«1 желтоқан дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні»
Абай атындағы №2 мектеп-лицейі» КММ-де «Өзіңді және өз болашағыңды ЖИТС-тен сақта» тақырыбында  ЖИТС орталығының эпидемиолог дәрігері А.А. Батырбековамен кездесу өтті. 9-10-11 сынып оқушыларына эпидемиолог дәрігер ЖИТС-ті жұқтыру жолдары, емделу және профилактикасы жайлы ақпараттарын жеткізді.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) ұйғарымымен 1988 жылы бірінші рет  Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні ретінде 1 желтоқсан аталып өтілді. Сол жылдан бастап мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдардың, сонымен қатар әр түрлі серіктестестердің ат салысуымен Дүниежүзінің барлық елдерінде АИТВ/ЖИТС-ке әр түрлі іс-шаралар аталып өтілетін  болды. 
ЖИТС-ке қарсы күрес науқанын өткізудің басты мақсаты :                                    
 - осы мәселеге қоғам назарын аудару;
- қоғамда АИТВ/ЖИТС жұқтырған адамдарды алалау ,кемсіту, бөлу секілді қөзқарастарды болдырмау;                                                                                        
- АИТВ/ЖИТС жайында түсініктерін кеңейту үшін  мәліметтер беру;                  - - АИТВ/ЖИТС  жұқтырғандарға медициналық, психоәлеуметтік, моральдық көмектің көрсетілуіне ықпал жасау;
- АИТВ/ЖИТС мәселесіне халықаралық, отандық, үкіметтік емес ұйымдарды  тартып, бірігіп жұмыс жасау.
 
СПИД деген – ғасыр уы, зобалаңы,
 Сан адамға жазылмас жара салды.
 Сан адамды өмірден алып кетті,
 Мамандар да бір емін таба алмады.
 Ей, адамзат, бұл дертке мойынсұнба!
 Өлмейсің сен үміт пен сенім барда!
 Салауаттылық – жарқын өмір кепілі,
 Көтер басты тағы айтамын, мұңайма!