Аурудың алдын ал. «Қызылша ауруы туралы не білеміз?»

Дата: 2023-12-01 23:32:10
Аурудың алдын ал. «Қызылша ауруы туралы не білеміз?»
«Абай атындағы №2 мектеп-лицейі» КММ-не «Қызылша ауруы туралы не білеміз?» тақырыбымен Балқаш қаласының медициналық колледжінің студент-еріктілер тобы келіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді. 8-9-10 сынып оқушыларына аталған колледждің оқытушысы Жумашева Г.Ж. және студент-еріктілер тобы қоғамда елең алып тұрған қызылша ауруының анықтамасын, клиникасын, диагностикасын, емін және алдын-алу жолдарын сұрақ-жауап ретінде жете түсіндіре отырып, оқушылардың осы ауру жайлы ата-аналарына, жора-жолдастарына да ақпаратты жеткізілуін айтты. 
Дені сау, салауатты ұрпақ – егеменді еліміздің ертеңі. Салауатты өмір салтын қалыптастыруда осындай еріктілер тобының үгіт-насихаттау жұмыстары әсіресе, жасөспірімдерге арналған үндеулері маңызды болып табылады.