Размер шрифта:

«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында өтетін 20 минуттық кітап оқу уақыты

Дата: 2023-12-01 22:24:55

Кітап кемелденуге көмектеседі. Қаншама технология шықса да, бұлардың бәрі кітапты алмастыра алмасы анық. Оқыған адамның күні қашан да жарық. Кітап оқу - бұл тек бос уақытты қызықты өткізу ғана емес. Сонымен қатар, тұлға болып қалыптасуға орасан зор көмегі тиетін өте пайдалы іс. «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында өтетін 20 минуттық кітап оқу сағаты жалғасын табуда. 9 Б сыныбы Асқар Тоқмағамбетов «Жыр күмбезі» тарихи романын, 8 В сыныбы Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» повесін оқуда. Кітап оқудың адамзат баласына тигізетін пайдасы орасан зор. Кітап оқиық, жас достар!