«Ата-аналарды педагогикалық қолдау» орталығының кезекті сабағы өткізілді.
Дата: 2023-11-30 15:21:06
«Абай атындағы №2 мектеп –лицейі» КММ-нің 5 пен 8 сынып оқушыларының ата-аналарына арналған «Ата-аналарды педагогикалық қолдау» орталығының кезекті сабағы өткізілді. Сабақтың тақырыбы «Позитивті ата-ана». Позитивті ата-ана - бұл балаға толыққанды және дені сау адам болуға көмектесетін, балалар мен ата-аналардың өмірін жағымды эмоциялармен толтыратын, сүйіспеншілік пен түсіністікке негізделген тәрбие стилі. Сабақты мектеп-лицейіміздің ұлағатты ұстаздары - Қ.Ш. Рахимберлина, А.С. Балтабай, педагог-психолог А.А. Толетаева өткізді.
Бала тәрбиесі - адам өміріндегі ең маңызды мәселелердің бірі. Бүгінгі күні бұл тақырып бұрынғыдан да өзекті болып отыр. Дұрыс тәрбиесіз жарқын болашақ болуы мүмкін емес.
Бала тәрбиесінің мәні неде? Баланың дені сау және бақытты болып өсуі үшін қандай қасиеттерді дамыту керек? Неліктен баламен дұрыс қарым-қатынас жасау қабілеті баланың ересек өміріндегі жетістіктерінің негізі болып табылады? Әрбір ата-ана баласына бақыт тілейді, бірақ оған үйлесімді және тұтас тұлға болуға қалай көмектесуге болатындығын бәрі біле бермейді. Міне, осындай өзекті тақырыптарды мұғалімдер ата-аналармен бірлесе, пікірлесе отырып, психологиялық тренингтердің нәтижесін көрсете отырып, ата-аналар көкейінде жүрген сұрақтарына жауап алды.
Ата-аналарды педагогикалық қолдаудың міндеттері:
1) балалардың әл-ауқатын қамтамасыз ету үшін ата-аналардың педагогикалық мәдениетін, психологиялық және әлеуметтік құзыреттерін дамытуда ата-аналарға жүйелі педагогикалық қолдауды ұйымдастыру;
2) балаларды тәрбиелеу мен дамытуда орта білім беру ұйымы мен отбасы арасындағы өзара іс-қимылды нығайту;
3) балаларды тәрбиелеу мен дамытуда ата-аналардың жауапкершілігін арттыру.