"Қуыршақ" театры үйірмесінің оқушылары және жетекшісі Меруерт Нурашевна бастауыш сынып оқушыларына "Алтын күз, әсем айналам, еліме береке сыйлаған!" атты театрландырылған ойын-сауық бағдарламасын ұсынды.

Дата: 2023-11-28 16:06:20

"Абай атындағы №2 мектеп-лицейі"  КММ- де  21 қарашада "Қуыршақ" театры үйірмесінің оқушылары және жетекшісі Меруерт Нурашевна бастауыш сынып оқушыларына "Алтын күз, әсем айналам, еліме береке сыйлаған!" атты театрландырылған ойын-сауық бағдарламасын ұсынды. Балалар қуыршақтардың ертегісін тамашалап, ойын ойнап, би билеп, қуыршақ театрының актёрларымен бірге сергіту сәтін де жасады. Бұл қуыршақ театрының мақсаты: оқушыларды халық ертегілерімен сусындату, жақсылықты, мейірімділікті, татулықты, батырлықты қазақ ертегілері арқылы оқушылардың бойына сіңдіру. Оқушылар театр арқылы әр заттың тек еңбекпен келетінін, жалқаулықтың зиянды әдет екенін жақсы ажырата білді.