«Үнемділік инноваторы» тақырыбында үгіт насихат тобы жеткізді.

Дата: 2023-11-28 16:04:42
 «Үнемділік инноваторы» тақырыбында үгіт насихат тобы жеткізді.

«Абай атындағы №2 мектеп-лицейі» КММ-нің әр дүйсенбідегі саптық жиыны «Ұлттық мүддені» насихаттау мақсатында Қазақстан Республикасының әнұранымен басталады. 9 «Ә» сыныбының үгіт насихат тобы «Үнемділік инноваторы» тақырыбында су және электр энергиясын үнемдеу жайлы оқушыларға әлемдік маңызы бар ақпаратармен бөлісіп, күнделікті өмірде де үнемдей білу – ұқыптылыққа тәрбиелейтінін және қазақтың «ысырап» сөзінің мәнін ашып берді.  Хабарлама: “Ерте жастан басталатын экологиялық мәдениет” жобасы аясында су мен электр энергиясын үнемдеуге бағытталған “Үнемділік инноваторы” тақырыбында ЛЭПБУКТЕР байқауы 4-5 сынып оқушылары арасында өтеді.  Қалалық іс-шараларға белсене қатысқан оқушылар тиісті марапаттарымен мадақталды. Атап айтсақ мектеп оқушылары «Дебат», «Волейбол», мәнерлеп оқу сынды сайыстардан жүлделі орындар алып, өздерін біліммен қатар спортты алып жүретіндіктерін барша оқушыларға тағы бір мәрте дәлелдеді. Саптық жиын соңында оқушыларға мектеп басшылығы атынан хабарландырулар, ескертулер айтылды.