"Функционалды сауаттылық- пәндік құзыреттерді қалыптастыру негізі" тақырыбында әдістемелік кеңес өтті.
Дата: 2023-11-28 14:52:24
Ағымдағы жылдың қараша айының 25 күні Абай атындағы №2 мектеп-лицейінде жоспарға сай кезекті әдістемелік кеңес өтті.
Тақырыбы:"Функционалды сауаттылық- пәндік құзыреттерді қалыптастыру негізі".
Әдістемелік кеңесте педагогтар "Фишбон" әдісімен функционалды сауаттылықтың бағыттарын талдап, мәселе себептерін анықтады.
"Сатылай кешенді талдау технологиясының ағылшын тілі пәнінде қолданысы" С.М.Камит -ағылшын тілі пәні мұғалімі,
"Оқушылардың функционалды сауаттылықтарын дамытуда сандық білім ресурстарының тиімділігі" Ж.БДжабаспаева - информатика пәні мұғалімі,
"Мектеп алды даярлық тобында тіл дамыту бағытына арналған тапсырмалар" Г.М.Балғабаева тақырыптары бойынша тәжірибелері ортаға салды.
Мектепішілік бақылаудың маңызы,сапасы туралы және педагогтарды аттестаттаудағы өзгерістер туралы директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Ш.Т.Жаксыгелдина ақпар берді.
"Әсемдік әлемі" эстетикалық сауаттылық апталығының қорытынды сараптамасын бірлестік жетекшісі Т.О.Усенова таныстырып өтті.
Әдістемелік кеңес педагогтардың кәсіби шыңдалуына біршама бағыт көрсетті. Әдістеиелік кеңесті Ш.Т.Жаксыгелдина ДОІЖО ұйымдастырды.