«9 айға 9 шара» жобасы аясында «Бес асық» пен «Асық ату» үйірмесінің мүшелері «Асық ату» челленджін ұйымдастырды.
Дата: 2023-11-20 09:22:05
«Абай атындағы №2 мектеп –лицейі» КММ-і «9 айға 9 шара» жобасы аясында «Бес асық» пен «Асық ату» үйірмесінің мүшелері «Асық ату» челленджін ұйымдастырды.
Мақсаты: ҰЛТТЫҚ МҮДДЕ мен ТАЛАПТЫ көздей отырып, ұлттық асық ойыны арқылы баланың жастайынан ой-қабілетін шыңдап, дәлдікке, ептілікке, ширақтылыққа, ұстамдылыққа, алғырлыққа, сыйлыстыққа тәрбиелеу.
Ұлтымыз асықты қастерлеген. Өйткені әрбір көшпенді өмір сүрген халықтың өмір салты, әдет-ғұрпы төрт түлік малға мейлінше байланысты. Осыған байланысты қаншама атау, ұғым-түсінік, таным мен пайым пайда болды. Мысалы, қазақта «Асығың алшысынан түссін» деген ізгі тілек бар.Ол сәті түсіп,жол болып тұрғандығын білдіреді. Сондай-ақ халықтың «Қой асығы демеңіз, қолға жақса сақа тұт, жасы кіші демеңіз, ақылы асса аға тұт» дегеніне түсінген адамға астарында үлкен мән жатыр.