Ұлттық мүдде

Дата: 2023-11-20 10:18:56
Ұлттық мүдде
Мектеп-лицейімізде әр аптаның бейсенбі, жұма күндері оқушыларымыз ұлттық нақышты киімдер киіп, дәстүр мен мәдениетімізді насихаттаушылар көбеюде. 
«Біртұтас тәрбие бағдарламасы» ұлттық құндылықтарға негізделген: ҰЛТТЫҚ МҮДДЕ, АР-ҰЯТ, ТАЛАП.
Ұлттық мүдде құндылығы - патриотизмді, мемлекеттік рәміздерді қадірлеуді, елінің тарихын құрметтеуді, ұлттық мәдениетті дәріптеуді көздейді.
Ар-ұят құндылығы - ар-ұят, адалдықты, ата-анасына сүйіспеншілікпен қарауды, достарын, сыныптастарын сыйлауды, кішіге ізет, үлкенге құрмет көрсетуді көздейді.
Талап құндылығы - салауатты өмір салтын ұстануды, қоршаған орта тазалығын сақтауды көздейді.