«Қатыгездік пен зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» тақырыбы бойынша кездесу өтті.

Дата: 2023-11-20 10:16:45
«Қатыгездік пен зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» тақырыбы бойынша кездесу өтті.

«Қатыгездік пен зорлық-зомбылықсыз балалық шақ»   «Абай атындағы №2 мектеп –лицейі» КММ-і «Қатыгездік пен зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» тақырыбы бойынша сынып  жетекшісі Г.Р. Сардарбекова 7 А сыныбының ата-аналарымен кездесу өткізіп, оқушылар арасындағы қорқыту, мазақтау, кекету, әдепсіз сөздер айтуды болдырмау үшін мектеп пен ата-ана ынтымақтаса тәрбие жұмысын жүргізіп, балаға тиісті көңіл бөле отырып, олармен санаса білсе, ар-ұят құндылығын білген баланың буллинге бармайтыны туралы дәйекті ақпараттар ұсынды. Ата-аналармен «Сіз өз балаңызды білесіз бе?» тренингі өткізіліп, әр баланың қызығушылығы мен қабілетін байқап, оны дамыту үшін жағдай мен ықпал жасау жайлы сұрақтар талқыланды.