"Ашық есік" тәжірибе алмасу күні өтті.
Дата: 2023-11-20 08:52:46
Абай атындағы №2 мектеп-лицейінде жас мамандар мен жаңадан келген жас мұғалімдер үшін әдістемелік қолдау жасау және кәсіби шеберлікті шыңдау мақсатында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, педагог сарапшы М.Ж.Сейткалиева "Денсаулыққа пайдалы тағамдар " тақырыбында 7 в сыныбында ашық,тәжірибе алмасу сабағын өткізді.
Тілді оқытудың замануй әдісі сатылай кешенді талдау технологиясының математикалық тәсілмен сөздің құрамына лексика-грамматикалық мағынасына талдау жасау түрлері арқылы оқушылар берілген сөзге сатылай кешенді талдау жасады.Ортадағы қаламсап""Көршіңмен сырлас" әдістері арқылы оқушылардың оқу материалдарын терең игеру үрдісінде белсенді ойлауын,шығармашылық ізденістерін дамытуды, ақпаратты зерттеп, нұсқаулық жазу дағдыларын дамыту жолдары көрсетілді. Оқушылардың білімін, білім қоржындарына жинаған бонустары арқылы бағалап өтті. Білімалушылар дәрігер маманының сан қырлы қасиеттерін талдай отырып,болашақтағы мамандық таңдаудағы асқақ армандары бойынша ой толғау жазды.
"Болашаққа жолдама" атты нұсқаулығын ұсынды. Оқушылар өте үлкен әсермен, ұшқыр ойларымен "Бес бармақ" әдісі арқылы сабаққа рефлексия жасады.Тәжірибе алмасу сабағына директордың м.а Ж.А.Шармуханбетова және озық тәжірибелі ұстаздар қатысып, кері байланыс берді.
Мектеп лицейімізде әр айдың 2 ші аптасының бейсенбісі "Ашық есік" тәжірибе алмасу күні болып бекітілген. Бүгінгі тәжірибе алмасу сабағы аптаның өзара сабаққа кіру іс шарасымен тұспа тұс келді.