Теңгенің алғашқы қолданысқа енгізілгеніне - 30 жыл

Дата: 2023-11-15 23:03:59
Теңгенің алғашқы қолданысқа енгізілгеніне - 30 жыл

Мемлекеттің мәртебесін биіктетіп, халықаралық қаржы нарығындағы орнын анықтауда валютаның маңызы зор. Қазақстан тәуелсіздігін жариялаған соң араға екі жыл салып ұлттық валютасын айналымға қосты. Сөйтіп, ғасырлар бойы аңсап жеткізген азаттық өзіміздің төл теңгемізбен сауда жасап, дербес алтын - валюта қорымызды қалыптастырып, Ұлттық банкімізді құруға ықпал етті. Осыдан тура 30 жыл бұрын, 1993 жылдың 15 қарашасында елімізде теңге қолданысқа енген. 15 қараша Қазақстанның ұлттық валютасы  - Теңге күні. Соған орай 14 қарашада мектеп-лицейіміздің 6 сынып білім алушыларына танымдық сағат өткізілді. Іс-шара барысында теңгенің тарихы туралы бейнебаян көрсетіліп, тың ақпараттар ұсынылды.