Діни сауаттылық - қоғам қауіпсіздігі
Дата: 2023-11-14 23:14:36
«Абай атындағы №2 мектеп-лицейі» КММ-де үстіміздегі жылдың 9-шы қарашасында қалалық әкімшіліктің ішкі саясат бөлімінің діни басқарма өкілі, теолог Мұхтар Дінислам мектеп оқушыларымен кездесу өткізді. Кездесу барысында оқушылырды теріс көзқарасты діннен аулақ болулға, дінде қысымның жоқ екенін айта келе, қазіргі қоғамға қауіпі жоғары болып тұрған діни экстремизмнен аулақ болып, оның адамдар арасына іріткі салатынын, өшпенділік отын тұтатуға ықпал ететінін, қантөгістер ұйымдастыруға жол ашатын түсіндіріп өтті. Мектеп оқушылары көкейінде жүрген сұрақтарды қойып, кері байланыс жүргізілді. Оқушылардың басты міндеті - діни сауатты ақпарат алып, пиғылы бөтен, қазақтың болмысына жат ағымдарға тосқауыл бола білу.