Размер шрифта:

\«Саналы ұрпақ – адал азамат» атты қала мектептеріндегі ата-аналар комитеті өкілдерінің және қамқоршылық кеңес өкілдерінің қатысуымен семинар өтті.

Date: 2023-11-14 23:02:56
\«Саналы ұрпақ – адал азамат» атты қала мектептеріндегі ата-аналар комитеті өкілдерінің және қамқоршылық кеңес өкілдерінің қатысуымен семинар өтті.
«Балқаш қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен үстіміздегі жылдың 11 қарашасында «Саналы ұрпақ – адал азамат» атты қала мектептеріндегі ата-аналар комитеті өкілдерінің және қамқоршылық кеңес өкілдерінің қатысуымен семинар өтті. «Балқаш қаласының білім бөлімі» ММ-нің басшысы Қ.Ш. Дүбирбекова Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің 2023-2024 оқу жылына арналған «Біртұтас тәрбие бағдарламасының» мақсат-міндеттері мен іске асырылып жатқан тәрбиелік іс-шаралардың нәтижелері туралы ауқымды ақпарат беріп,  жалпы қала мектептерінің қоғамның талабына қарай білім берудегі сапаның динамикасымен таныстырды. 
 «Балқаш қаласының білім бөлімі» ММ-нің бас маманы О.К. Садвокасова «Ата-аналарды педагогикалық қолдау» орталығының жұмысы туралы және бұл орталықтың мектеп пен ата-ананың бала оқытып, тәрбиелеудегі үлкен көмегі мен күші бар орталық екендігін айта келе бірлесе жұмыс жасауға шақырды. 
Ата-аналарды педагогикалық қолдаудың міндеттері:
1) балалардың әл-ауқатын қамтамасыз ету үшін ата-аналардың педагогикалық мәдениетін, психологиялық және әлеуметтік құзыреттерін дамытуда ата-аналарға жүйелі педагогикалық қолдауды ұйымдастыру;
2) балаларды тәрбиелеу мен дамытуда орта білім беру ұйымы мен отбасы арасындағы өзара іс-қимылды нығайту;
3) балаларды тәрбиелеу мен дамытуда ата-аналардың жауапкершілігін арттыру.
Семинар педагог-психолог А.А. Толетаеваның ата-ана мен мектеп ұжымдастығын нығайтуға бағытталған тренингімен жалғасты. 
Ата-аналар тарапынан қойылған сұрақтартарға жауап беріліп, ұсыныстар басты назарға алынып, кері байланыс жүргізіліп отырды.
Author: Lyceum №2