«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында өтетін 20 минуттық кітап оқу сағаты
Дата: 2023-11-12 20:13:13
"Кітап дегеніміз - қоғам. Жақсы кітап жақсы қоғам тәрізді сезім мен санаңды нұрландырады, көркейтеді. Сен қай кітаптарды оқығаныңды айтшы, мен сенің кім екеніңді айтып берейін" деген екен Н. И. Пирогов. Иә, адамның қандай екенін оқыған кітаптары арқылы да айтып беруге болады. Өйткені, сенің оқыған кітабың - сенің өмірлік ойларың... Кітап оқитын адамдар - табысқа жиі жетеді, олар жас көрінеді және ұзақ өмір сүреді. Миы қартайған адамның, ағзасы жылдам қартаятындығы белгілі. Кітап оқыған кезде, ми үнемі жұмыс жасап, өзіңізді жақсы сезінетін боласыз. Ғалымдардың айтуынша, классикалық әдебиеттер - жасөспірімдердің тұлға ретінде дамуына үлкен ықпал жасайды. Кітап оқу адамның рухани дамуына үлкен әсер етеді. Тұрақты түрде кітап оқудың тағы да бір пайдасы: сөздік қорыңыз артады. Өйткені, кітаптың беттерінде күнделікті өмірде қолданылмайтын сөздер кездеседі. Ал «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында өтетін 20 минуттық кітап оқу сағаты оқушыларымызға берілген тамаша мүмкіндік. Соған орай мектеп-лицейімізде «Мен де кітап оқимын, сен де кітап оқисың!» атты кітап оқу сағаты жүзеге асырылуда.
Уақыт барда көп шығарманы оқып қалыңыз, әйтпегенде үлгермей қалуыңыз әбден мүмкін!